Фото: elements.envato.com
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, АҚШ валютасының орташа сараланған бағамы 7,27 теңгеге төмендеп, 452,34 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 19-21 тамыздағы ресми бағамы 461,71 теңге болған.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 452,15 теңге, сату – 454,84 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 450,38 теңгеден сатып алынып, 454,58 теңгеден сатылып жатыр.