27 қыр, 2019 сағат 09:47

Демалыс күндері ауа райы минус 5 градусқа дейін суытады

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" »Қазгидромет« РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан арқылы ақырындап жылжып жатқан суық атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын болады. Ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.

Ал демалыс күндері сол фронттардың ықпалынан Қазақстанның қалған аумағында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн суытады. Орталықта және шығыста түнгі температура минус 1…5°С-қа дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 градустық ыстықтан кейін дүйсенбі күні термометрдің сынап бағанасы күндіз тек плюс 12…18°С көрсетеді.