Жириновскийдің Қазақстан туралы мәлімдемелеріне мән беріп қараудың қажеті жоқ. «Ашық диалог 2» сұхбатының кезекті санында ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Білесіз бе, бізге Жириновскийдің Қазақстан туралы мәлімдемелеріне баяғыдан мән беріп қарамау керек деп ойлаймын. Бұл жерде ешқандай саясат жоқ, бастан-аяқ шоу ғана», - деген Дәурен Абаев бұл мәлімдемелердің ар жағында сайлаушылар алдында ұпай жинап қалуы талпынысы жатқанын айтты.
«Оны (Жиринвоскиді -ред.) қолға қарындаш алып отырып тыңдаудың қажеті жоқ. «Попкорн» алып отырып тамашалау керек. Тіл мәселесіндегі, мемлекеттік саясат, этносаралық қатынастар туралы айтсақ, Президент кеше бұл сауалдардың бәріне нүкте қойып, тақырыпты жапты», - деді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
