Жортқанда жолың болсын, батыр Қанат,
Қылығыңды көрмедік жатырға жат.
Батыр Оспан бабаңның атағыңдай,
Сүйіншілеп айтса екен атыңды алап!
Бүлкілін бөлек басқан бөрі арланы,
Бұл күнде бола білдің ел ардағы.
Бармағы шайнауда өткен боздақтардың
Атажұртта жалғанған сен - арманы!
Жолымен боздақтардың өрістеп көр,
Олжаңды қан майданда бөліс, бөктер.
Бабалардың нақ кегін есіңе алсаң,
Қаралардың тұмсығын тегістеп бер!
Дәулеткерей Кәпұлының фейсбуктегі жазбасынан