22 мау, 2017 сағат 15:41

Дәстүрлі әскери дискурс өз жұмысын бастады

Ағымдағы жылғы маусымның 21-і мен 24-і аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинары бастау алады.

Экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинары ҚР Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырғанбесінші семинары Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында өтеді.

«Әскери дискурс» практикалық семинары қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыс аймағы мен экстремалды жағдайларда қазақстандық журналистерді жұмыс жасауға, сондай-ақ лаңкестік актілерді жариялауға оқытып-үйрету үшін ұйымдастырылды.

Үш күн бойы ҚР Қарулы Күштерінің тәжірибелі әскери нұсқаушылары теория және іс жүзінде журналистерді әскери іс-қимылдар ошағында, экстремалды жағдайларда жұмыс жасауға және бұл ретте сапалы ақпараттық материалды қалай дайындау керек екендігі туралы үйретеді. Бұл жолы семинарда қалалық жағдайларда, жаппай іс-шаралар мен акцияларда жауынгерлік іс-қимылдар барысында журналистердің практикалық іс-қимылдары пысықталатын болады. Мұндай кездесулер өте пайдалы. Өйткені, ақпараттық салада ден қоюдың дұрыс тетігін пысықтау үшін айналада болып жатқан оқиғаларды жете түсінуге және талдауға мүмкіндік береді.

«Әскери дискурс» практикалық семинары БАҚ өкілдерінің белгілі бір арнайы білім алуы, ақпаратты жинау мен талдау бойынша машықтануы, сондай-ақ жоғары қауіп аймақтарында жұмыс жасау кезінде туындайтын қауіп-қатерлерді барынша азайту шеберлігін ұштау мақсатында өткізілетін журналистика бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету қажет.