12 қаз, 2020 сағат 08:50

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы Елшісі қызметін қоса атқарады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы Елшісі қызметін қоса атқарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.