"Құрлықтық хоккей лигасына енді қосылған "Куньлунь Ред Стар" командасы Астанада ҚР Президенті Кубогі жолындағы жарыста «Барыс» командасына қарсы ойнаудан бас тартты", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.
Бейжіңнен келген хоккейшілер мен жергілікті «Барыс» арасындағы кездесу жаппай төбелестен басталды. Салдарынан «Барыс» клубының екі хоккейшісі Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков мачт соңына дейін шеттетілді. Өз кезегінде, төбелесте қатты соққы жеген қытайлық "Куньлунь Ред Стар" командасына мачты ары қарай жалғастырудан бас тартқаны үшін 5:0 есебімен жеңіліс жазылды.
Осылайша, астаналықтар Дастин Бойд үшін есе қайтарғанға ұқсайды. Есте болса, 5 тамызда «Барыс» командасының шабуылшысы Дастин Бойд "Куньлунь Ред Стар" хоккейшілеріне қарсы болған ойында аяғын сындырып алған болатын. Сол ойында дөрекілікпен ерекше көзге түскен қытайлықтар жеңіске де жеткен еді. Осының кесірінен «Барыстың» 41-ші нөмірлі ойыншысы 4 айға дейін жарыс жолынан шығып қалды.