
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон COVID-19 вирусынан сауығып, Даунинг-стрит, 10 мекенжайындағы резиденциясына оралды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.
27 сәуірде коронавирус инфекциясымен ауырып шыққан Ұлыбритания премьер-министрі қауіпті індетпен күреске жауапты министрлермен отырыс өткізеді деп жоспарланған.
Sky News телеарнасының хабарлауынша, 27 сәуірде Үкімет басшысы қайтадан өз міндеттерін орындауға кіріседі.
Джонсон бір апта ауруханада жатты, содан кейін екі апта қала сыртындағы Бакингемшир графындағы Чекерс резиденциясында емделді.
Worldometer волонтерлері халықаралық тобының деректерінше, елде 152 840 адам вирус жұқтырған, 20 732 адам қайтыс болған.
Еске сала кетейік, 55 жастағы британдық премьер наурыз айының соңында коронавирус жұқтырып алған. Ал 5 сәуірде ауруханаға жатқызылған болатын. Келесі күні саясаткердің жағдайы нашарлап, қарқынды терапияға ауыстырылды. 9 сәуірде премьер ауруханадан шықты.
