16 шіл, 2025 сағат 10:33

Бүгін ауа райы қандай болады?


Фото: egemen.kz

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Ult.kz.

 Найзағай, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін (батыс, солтүстік, шығыс өңірлерде).Солтүстікте дауыл соғуы ықтимал.Оңтүстік және орталық өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.Сондай-ақ Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Өңірлерде күні бойы күтілетін температура: Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Ақтөбе (оңтүстігі), БҚО, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Абай облыстарында +35…+39°C, Түркістан, Қызылорда +39…+40°C, Маңғыстау облысында +37…+42°C.

Жоғары өрт қаупі БҚО, Ұлытау, Атырау облысының оңтүстігін мен Қостанайдың оңтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының солтүстік, батыс, шығыс аймақтары мен Қарағандының солтүстік және шығыс аймақтары, ал Ақмола облысының батыс-оңтүстігінде бар.

Ерекше жоғары өрт қаупі Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарында болжанып отыр. Сонымен қатыр Жетісудың оңтүстік-шығысы, Жамбыл облысының батыс, оңтүстік және шығысы мен Атыраудың солтүстік-шығыс бөлігі, ал Қарағанды облысының батыс-оңтүстігі, Ақтөбе облысында орталық пен оңтүстігінде ерекше жоғары өрт қаупі бар. Қостанайдың оңтүстік-батысы, Абай, Ұлытау облыстарының орталық, оңтүстік және шығыс бөлігінде де ерекше жоғары өрт қаупіне байланысты тұрғындарға сақ болу ескертіледі. 

Ескерту: Қауіпті метеожағдайлар кезінде ашық далада болудан, от жағудан, орман-тоғай маңында демалудан аулақ болу ұсынылады.