29 сәу, 2020 сағат 13:07

British Airways коронавирус салдарынан 12 мың жұмыс орнын қысқартуы мүмкін

Еуропаның ең ірі әуе компанияларының бірі British Airways коронавирус пандемиясына байланысты туындаған дағдарыс салдарынан өз қызметкерлерінің төрттен бір бөлігінен астамын қысқартуы мүмкін.

Сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде IAG (ICAGY) құрылтайшы компаниясы British Airways-тың өз кәсіподақтарына қызметкерлердің көп бөлігіне қатысты болатын және «12 мыңға дейін қызметкердің жұмыстан шығарылуына соқтыратын» қайта құрылымдау бағдарламасы туралы ескертіп отырғаны жазылды. Бұл туралы CNN хабарлады. 

Құрамына British Airways пен Испанияның Iberia әуе компаниясы кіретін IAG компанияның бірінші тоқсандағы табысы 13 пайызға, 4,6 млрд еуроға (5 млрд АҚШ доллары ) дейін төмендегенін, ал ағымдағы шығындар 535 млн еуроны (579 млн АҚШ доллары) құрағанын мәлім етті.

Екінші тоқсандағы шығындар одан да көп болатыны және «жолаушылар ағынын 2019 жылғы деңгейге дейін қалпына келтіру бірнеше жыл уақыт алатыны» күтіліп отыр. 

Lufthansa (DLAKY) әуе компаниясы да бұған дейін осы айда әуе паркін қысқартып, бюджеттік іуе желілерінің бірін жауып отырғаны туралы жариялаған. Lufthansa Германия, Швейцария, Австрия және Бельгия елдеріндегі бірқатар ұлттық әуе тасымалдаушыларына ие. 

Airbus компаниясы Еуропадағы 6000 қызметкерін жұмыстан шығарды. 

Әуе көлігі Халықаралық қауымдастығының айтуынша, тасымалдаушылар тап болған «өсіп келе жатқан қаржы дағдарысы» биылғы жылы табыстың 55 пайызға немесе шамамен 314 млрд долларға төмендеуіне әкелуі мүмкін. 

Бұған дейін осы айда British Airways 30 000 қызметкерін демалысқа шығарып, олар мамыр айының соңына дейін жалақының 80 пайызын алған болатын, ал Ұлыбритания үкіметі коронавирус пандемиясы салдарынан жұмыс орындарын сақтап қалу бағдарламасының аясында алғашқы 2500 фунт стерлинг (3100 АҚШ доллары) төледі. 

Әуе көлігі Халықаралық қауымдастығының мәліметінше, Еуропада жолаушылар тасымалы саласындағы дағдарыс 6,7 млн жұмыс орны үшін қауіп тудыртып отыр. 

Жұма кұні Air France-KLM (AFLYY) Франция үкіметі және банктерімен «бірнеше апта талқылаған соң» дағдарыстан өтуге арналған қарыз ретінде 7 миллиард еуро (7,6 миллиард АҚШ доллары) алғанын мәлімдеді.