Елімізде COVID-19-дың таралу шегіне қатысты болжам жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Омикрон» штамының пайда болуымен әлем елдерінде коронавирус инфекциясының тез таралуы байқалды. Біздің елге келсек, жыл басынан бері 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды. Пандемияның бүкіл кезеңімен салыстырғанда алғаш рет індеттің тәуліктік тірекелуі 16 мыңнан асып түсті. Бұл «Омикронә штамының өте жұқпалы әрі тез таралуымен байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл» аймақта. Және еліміз бойынша соңғы аптада КВИ-мен сырқаттану деңгейі 1,5 есеге өсті», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қаңтар айында желтоқсанмен салыстырғанда аталған індетке шалдығу 11 есеге өскен.
«Елдегі эпиджағдай біздің тұрақты бақылауымызда. Соңғы болжам бойынша індет ақпан айының ортасында шарықтау шегіне жетеді», - дейді ол.