30 шіл, 2019 сағат 14:39

Болат Мажағұлов Президент Әкімшілігіне қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениент және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының Мәдениет басқармасына басшы болып келгелі Болат Бауыржанұлы мәдениеттің шын жанашыры екенін дәлелдеп, келелі істердің басы-қасында жүрді, талай игі бастамалардың іске асуына мұрындық болды», - деп жазылған елордалық Жастар театрының Facebook-тегі парақшасында.

Өз кезегінде, қалалық Мәдениент және спорт басқармасының баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.