Кореядан Алматыға келе жатып бір зейнеткер жапон дипломатымен жолдас болдым. Келген соң да бір күн армансыз əңгімелестік. Ол халықаралық жағдайдан көп біледі екен.
Екеуміз таяу 25-50 жыл болашаққа болжам жасадық. Қытай экспансиясына қарағанда орыстікі маған айналайын көрінді. Ресей ыдырамаса да, əлсірейтіні сөзсіз. Ал Қытай күшейе беретін көрінеді.
Қазақстан мен Қиыр Шығыс жəне Орта Азияның əлсіз мемлекеттеріне нөмері бірінші қауіп Қытайдан келеді екен. Олар басында экономикалық жəне демографиялық экспансиядан бастап, бірте-бірте əсери жаулаудан да бас тартпайды дейді.
Ғұн, сақ, түрік қағанаты заманынан бастап, кешегі жоңғар қырғынына дейінгі бүкіл ата тарихымызда біз тек қытаймен арпалысып келеміз.
Қысқасы, біздің болашақ ең үлкен қауіп-қатеріміз Шығыстан келеді. Оған қазірден дайындалу керек!
Бірақ, өкінішке орай, Қазақстан мен Орта Азия елдерінің билігі оған ойдағыдай дайындық жүргізіп жатқан жоқ.
Біздегі Жер дауын да талқыладық. Жерді олар жыртқыштарша пайдаланады, экологиялық проблеманың көкесін көрсетеді. Ал жұмысқа келген жəне сауда ісі бойынша шекарадан кірген қытайларды елден қайтып шығарып жіберу өте қиын.
Жарылқап Қалыбайдың жазбасынан