Белградтағы өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалдан сүрінбей өтті. Ол таиландтық Танаарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, Сәкен өз мансабында алғаш рет әлемдік доданың ақтық бәсекесіне өтіп отыр. Бибосыновтың финалдағы қарсыласы - америкалық Рокси Холл.
Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионатының финалына өтсе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдегер атанған болатын.