
Батыс Қазақстан облыстық соты өз әйелін кепілдікке алған Ерлан Исламғалиевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО сотының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, сот алқасы істі апелляциялық тәртіпте қарап, осындай шешімге келді.
Сот алқасы тараптардың барлық дәлелдерін зерттеп, Е.Исламғалиевтің кінәсі толық дәлелденген деп санады.
Оның кінәсі толық анықталып, жәбірленушінің, куәлардың, сараптама қорытындыларымен дәлелденген.
Апелляциялық саты сонымен қатар сотталушының жазасын жеңілдететін жағдайлар жоқ екендігін және тағайындалған жаза заң талаптарына сәйкес келетіндігін атап өтті.
Осыған байланысты сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өз әйелін кепілдікке алған тұрғынға үкім шыққанын жазған болатынбыз.
Сот үкімімен Е.Исламғалиев ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі 1, 2, 4-тармағы, 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы, 120-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес, яғни азаптау, бопсалау, кепілге алу және зорлау баптарымен 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
