04 мам, 2020 сағат 16:14

Биылғы ҰБТ-ға төртінші тоқсандағы бағдарламаның сұрақтары енгізілмейді

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге төртінші тоқсандағы бағдарламаның сұрақтары енгізілмейтін болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібі бұрынғы форматта қалады. Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатысуға онлайн өтінім беру 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында өткізіледі», - деді Шолпан Қадырова баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осы жылы түлектер ҰБТ-ны 11-ші сыныптың төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтарынсыз тапсырады 

«Яғни олар 5-ші сыныптан 11-ші сыныптың үш тоқсаны бойынша оқыған білімі бойынша тест сынағынан өтеді. Тестілеу кезінде барлық санитарлық шаралар қабылданады», - деді ол.