03 ақп, 2022 сағат 14:02

Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады


Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең басты мәселе осы екі пәннің (қазақ тілі мен әдебиеті) оқу бағдарламасын жаңарту болатын. Олардың оқу бағдарламасын міндетті түрде жаңартуымыз керек. Жиналысқа (Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері съезі) келген барлық мұғалімнің көтерген мәселесі де осы. Қазақ әдебиетінің мазмұны болсын, қазақ тілі пәнінің мазмұны болсын, әрине біраз жетілдіретін мәселе бар. Сондықтан жұмыс тобының отырыстарында айтылған бүкіл мәселе шешімін табуы керек. Оның ішінде оқу бағдарламасының мақсаттарын қайта қарау мәселесі де көтерілген еді. Оқытылатын шығармалар, грамматикалау жүйесі, жас ерекшеліктерін ескеру және басқа да мәселелерді әріптестеріміз көтерді. Сол себепті осы проблемаларды шешуді әрі қарай жалғастыру керек. Мұны осы жылы міндетті түрде толық шешуіміз қажет», - деді ол Білім министрлігінің аппарат жиналысында. 

Министрдің атап өтуінше, съезд барысында басқа да мәселелер көтерілді. Ол мәселелер де уақыты келгенде жан-жақты пысықталаты болады.