Фото: Официальный канал акимата Алматы
Алматыда жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталып отыр, деп мәлімдеді қала әкімдігі. Бұл туралы Ult.kz, Sputnik.kz ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
Негізгі капиталға инвестициялар өңдеуші өнеркәсіпке (өсім 2,9 есе), білімге (84,7% - ға), көлікке (37,5% - ға), денсаулық сақтауға (31,3% - ға) инвестициялардың айтарлықтай өсуі есебінен 8,2% - ға ұлғайды.
Бұл өсу динамикасы инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін көрсетеді. Шамамен 90%-ды жеке инвестициялар құрайды, олардың өсімі – 6,2%.
Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының "ВВВ+" деңгейіндегі дербес несиелік рейтингін, "Тұрақты" болжамы растады.
Жалпы қала экономикасына 2025 жылы 2,2 трлн теңге тарту жоспарланып отыр.
