Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауынан Денсаулық сақтау министрлігінің бір өкілі шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдын ала тыңдау барысында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов айыпталушы тараптан айыптау құжаттарына қатысты қандай да бір қарсылық, шағымдары бар-жоғын сұрады.
Сотталушылар Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің адвокаттары айыптау материалымен танысып үлгермегенін айтып, істі мемлекеттік айтыптаушыларға қайтару туралы ұсыныс берді.
Олжас Әбішевтің адвокаты Сәрсен Төлентаев айыптау материалымен толық танысып шығу үшін кемінде бір жыл уақыт керек екенін айтты.