16 нау, 2021 сағат 07:32

Бірқатар машина жасау өнімі ұлттық режимнен шығарылады

Бірқатар машина жасау өнімі ұлттық режимнен шығарылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл машина жасау саласында да өсім болады деп жоспарлап отырмыз. Нақты көлем индексі 113 пайызды құрайды. Негізгі өсім машина жасау саласындағы үлесі 35 пайызды құрайтын автомобиль құрастыру секторы есебінен болады. Автокөлік өндірісін 29 пайызға арттырып, 100 мың данаға дейін жеткізу, теміржол вагондарын 180, ауылшаруашылығы техникаларын 58, аккумуляторлар өндірісін 10 пайызға жеткізу жоспарланған», - деді өңдеу өнеркәсібін дамыту жайында баяндаған министр. 

Оның атап өтуінше, отандық өндірушіден сатып алынған автомобильдерді лизингтік қаржыландыру бағдарламасы жалғасады. 

«Сондай-ақ, бірқатар машина жасау өнімі ұлттық режимнен шығарылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.