23 қаң, 2022 сағат 11:13

Елімізде бір күнде 14 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды


22 қаңтарда Қазақстанда 14012 адамнан коронавирус анықталды, бұл бір күн бұрынғымен салыстырғанда 1,2 мың адамға аз. Бұл туралы коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссия хабарлады. Бұған дейін коронавирус бойынша рекордты көрсеткіш үнемі жаңарып келген еді.

Кейінгі мәлімет бойынша, ең көп адам анықталған өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 3460;
  • Алматы – 2516;
  • Ақмола облысы –1006;
  • Қарағанды облысы – 2036;
  • Павлодар облысы – 1014.

Бұған қоса, 21 қаңтардағы мәлімет бойынша, елде коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға шалдыққан 160 адам тіркелген.

Қазір елде коронавирус инфекциясы жұққан 146 мыңнан астам науқас емделіп жатыр, оның ішінде 1,4 мыңнан аса адамға ковидтектес пневмония диагнозы қойылған. 9,7 мың адам ауруханада жатыр, соның 361-і ауыр халде, ал 121 адамның жағдайы өте ауыр деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Елде науқас саны бұдан да көп болуы мүмкін, себебі "дәрігерге қаралмай, үйінде өз бетінше ем-дом жасап жатқандар да бар" дейді кейбір сарапшылар.

2020 жылдың наурызынан бері ресми мәлімет бойынша, 1 231 856 адам коронавирус фнифекциясы мен ковидтектес пневмония жұқтырып ауырған. Содан бері 18 мыңнан астам адам қайтыс болған.