ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 12 жастан асқан балалардың ата-аналарын вакцинация бойынша дұрыс шешім қабылдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы аптада оқушылардың арасында коронавирус инфекциясымен ауыру 1,3 есе өсті. Коронавирус инфекциясымен ауырғандардың жалпы санында оқушылардың 10 пайыздан жоғары үлесі Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шымкент және Нұр-Сұлтан облыстарында байқалады», - деді ведомство басшысы Үкімет отырысныда.
Сондай-ақ, ол оқушылардың бәрі оффлайн оқытуға көшкенімен, санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігін ескертті.
«Оффлайн оқытуға көшуді жас адамдардың «омикрон» түрін тез жұқтыруын ескере отырып, аумақтардың әкімдеріне білім беру ұйымдарында санитарлы-дезинфекциялық маска режимін, сыныптардың толықтырылуын және коронавирус профилактикасының өзге де белгіленген шараларын орындау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуді сұраймын. Сондай-ақ, 12 жастан асқан балалардың ата-аналарын балаларды вакциналау бойынша шешім қабылдауға шақырамын», - деді министр.