Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қай кезде де білім саласына ерекше көңіл бөліп, өзекті мәселелердің алдын алу үшін нақты тапсырмалар беріп келеді. Оның негізгі дәлелі - Назарбаев зияткерлік мектебі. Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім саласы жаңа білім бағдарламасына көшіп жатыр. Сондай-ақ, »Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс екендігін және бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болатынын атап өтті.
Осы негізде қазақстандық оқушылардың білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс екендігін де тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде қазақстандық оқушылардың дамыған елдердің оқушыларымен иық теңестіруге мүмкіндік береді.
Елбасы білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. Еліміздің әр өңірінде жыл сайын жаңа мектептер ашылуда. Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға да мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды ұсынды. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің жұмысын жүйелендіріп, жүктемені азайтуға, қағазбастылықтан арашалауға мүмкіндік береді.
Білім саласындағы негізгі міндет – білімге қолжетімділік пен сапаны қамтамасыз ету. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, білім беру жүйесін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Ең алдымен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесіне назару аудару қажет. Негізгі жүйе дұрыс қалыптасу үшін мұның маңызы зор. Бүгінгі таңда үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 95%-ға жетіп жығылады. Цифрлық дамуыту жұмыстараның нәтижесінде, балабақшаларға жолдама берудің электрондық жүйесі қабылданған. Ол бүгінгі кезеңде 70%-ды құрайды. Атап айтсақ, Астана мен Алматыда, сондай-ақ Маңғыстау өңірінде – 100 %.
Әрине, мектепке дейінгі білім сапасын жақсарту үшін балабақшадағы мамандардың білім сапасын жақсарту қажет.
Елбасы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деп, Үкіметтің көңілін мектепке дейінгі мекемелердің мәселесін шешуге бөлгені көңілге үміт ұялатады.
ҚР Президенті өз сөзінде: «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет», - деп атап өтті.
Сондай-ақ, қазіргі кезеңде орта білім беру жүйесінде белгіленген негізгі тәсілдердің орындалуына баса назар аудару керектігін айтты. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс деп атап көрсетті.
Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсыратындығын айтты.
Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әкімдіктермен бірлесе отырып, қажетті Жол картасы дайындалды. Жол картасында мектепке дейінгі тәрбиешілердің біліктілігін жақсарту курстарын іске қосу, ұлттық тестілеу жүйесін әзірлеу және соған сәйкес тәрбиеші-қызметкерлердің жалақысын арттыратын жаңа квалификациялық жүйе қарастырылатын болады.
«Педагог-тәрбиешілердің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын тиімді пайдалануы үшін олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беріп, қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білу – балабақша әдіскерлерінің басқару мен басшылық жұмыстарына тікелей байланысты.
Сәбидің интеллектісін дамытып, шығармашылық қабілетін ұштау – әр ата-ананың көңіліне қонатын сөз. Сондай-ақ, жиырма бірінші ғасыр – жаһандану дәуірін бастауы. Осы орайда жас буынды креативті ойлауға тәрбиелеу шын мәнінде қажет-ақ. Жаңашылдық, ойлаудың жаңаша формасы, инновация дегеніміздің өзі осыдан басталады емес пе? Ендеше, Елбасы Жолдауының мәні мен мазмұны терең екендігін мойындауымыз керек. Ел ертеңін тәрбиелейтін мұғалімдерге қатысты сөздер халықтың көкейіндегіні дөп басқаны анық. Сонда ғана Қазақстанның келешегі жарқын болатыны рас.