Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақстан Президенті ретіндегі Сербияға алғашқы сапарының мәні ерекше екенін айтты. Сонымен қатар бұл сапар қазақ-серб қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Ол көктемде Қазақстанды әбігерге салған табиғи апатты еске алып, Александр Вучичке қолдау мен ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді.
Вучич Белград Қазақстанмен экономикалық байланыстарды, соның ішінде сауда, инвестиция секілді басты бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін айтты.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Сербия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың перспективасын, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Бұдан бөлек тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барғанын жазған болатынбыз.