Хакерлер ресейлік банктен 100 миллион рубльді (1,5 миллион доллардан аса) ұрлап кеткен. Бұл туралы екі дереккөз мәлімдеді, біреуі ақпараттық қауіпсіздік және ОБ қатысы бар адам, - деп хабарлайды "Коммерсант".
Бір нұсқа бойынша, автоматты банк жүйесі бұзылған, яғни бұл хакерлік шабуылдың бірінші түрі. Ресей банкі баспасөз қызметі хакерлік шабуылды растап отыр, алайда нақты ештеңе айтқан жоқ. ОБ өкілінің мәліметінше өңірлік банктің филиалы шабуылға ұшыраған және осы бөлімшедегі қаражат ұрланған.
Хакерлер банк жүйесіне кіріп, "Диасофт" компаниясы жасаған автоматты банк жүйесін бұзған. АБЖ жүйесінен ақша ауыспалы адреске кеткен. Егер бұл мәлімет расталса, онда бұл аса ірі көлемдегі ұрлық болып саналады.
Жүйеде жұмыс істеу үшін, жалпыға қол жетімді желіні қолданбай, банктың IT-инфраструктурасын пайдаланады. Ресей банктері АБЖ жүйесінде "Диасофт", ЦФТ, R-Style Softlab, БИС отандық компаниялары қызмет көрсетеді. "Диасофт" компаниясы 300-ге жуық банкке қызмет көрсетеді екен, соның ішінде Сбербанк, Газпромбанк, Альфа-банк.