Фото: ашық дереккөз
Блогер Әлия Әшім ұлы ақын Абай Құнанбайұлының үйін көрсетемін деп сынға қалған еді. Бұл әрекеті қоғамда үлкен наразылық тудырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол өзінің әбестігі үшін кешірім сұрады.
«Сіздер үшін «Абайды қорлаған қыз» деген «атақпен» қаламын деп еш ойламаппын. Осында тараған Қарқаралыдағы видеоның әбес болғанын мойындаймын. Оны ауылдағы әкем де ренжіп, ескертті. Сондықтан табалау емес, жанашырлықпен, орынды сын айтқан аға-әпкелерімнен кешірім сұраймын... Менің Абайды мазақ ету, қазақтың мәдениет, тарихын қорлау дейтін ниетім ешқашан болған емес», - деп жазды Әлия Әшім өз парақшасында.
Айта кетейік Әлия Әшім Абай Құнанбайұлының мұражай-үйінде түсірілген видеосында “Абай мен Ділдә неткен бөлме” деп айтып, тарих пен ұлы тұлғаның есімін келемеж еткен. Бұл әрекеті қоғамда үлкен наразылық тудырды. Көпшілік оны қазақтың рухани мұрасына құрметсіздік танытты деп айыптады.
