Бұл жарылыстар бітпейді. Мемлекет мінезін көрсетуі қажет. Фараби «қоғам тыныштығын бұзғандарды қаталдықпен жазалау қажет» деген. Қаншама мамандар айтып та, жазып та шаршады. Сосын «Торғай сойса да қасапшы сойсын» деген нақылды алға тартып саясаттанушылар дін мамандарының сөздерін ескеруі керек. Және де біздің қоғамда әлі күнге дейін Совет кезінде қалыптасқан дінтанушыларға күнделікті ғибадатты орындататын молдаларға қарағандай қарауды қоятын уақыт келді. Неге еліміздің бас стратегиялық орталықтары жұмысқа ағымдар бойынша біліктілігі бар дінтанушыларды алмайды? Немесе консультативті кеңес құрып соларды шақырмайды? Түркия, Мысыр, Сирия және т.б мұсылман елдерінің ислам университетерінде білім алып келген, академиялық дәрежеде біліктілігі бар ислам тарихшылары, мәзхаб тарихшылары, ақидашылар, кәламшылар елімізде жеткілікті. Ішінде қаншама PHD докторлар бар керек десе. Солардың әлеуетін пайдаланатын уақыт келді ғой.
Бекзат Мақсұттың фэйсбуктағы парақшасынан
Ескерту: автордың көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді