13 мам, 2020 сағат 06:23

Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың үздік ондығына енді

Alkhaleejtoday.co сайты БАӘ чемпионатындағы ең қымбат 25 футболшының тізімін ұсынды. Тізімде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бар, - деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның мәліметі бойынша, Исламхан 9-орынды өзінің «Аль-Айнадағы» әріптесі Коджо Лабоймен, сондай-ақ «Шарджидің» жартылай қорғаушысы Лукас Кайомен бірге бөліскен.

Аталған футболшылардың трансферлік бағасы – 2,4 млн еуро. Рейтингте бірінші орында трансферлік бағасы 4,8 млн еуро болатын «Шарджидің» бразилиялық ойыншысы Игор Коронадо тұр.

Еске сала кетейік, 31 қаңтарда Исламхан «Аль-Айн» клубына өткен болатын. Оның келісімшарты 2020 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Қазақстандық жартылай қорғаушы 10 матч өткізіп, 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. 19 матчтан кейін «Аль-Айн» БАӘ чемпионатында екінші орында тұр.