© Photo: Brandi Day
Батыс Қазақстан облысының ірі компаниясы "Жайықмұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде "Жайықмұнай" ЖШС мемлекеттік бюджетке 9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төледі.
Бұдан бөлек 2016-2021жылдар аралығында қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы сомаларын төмендеткені үшін компанияға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 278-бабының 1-бөлігі бойынша 2 млрд теңге сомасына айыппұл салынды, ол толық көлемде өтелді
Нәтижесінде мемлекеттік бюджет 11 млрд теңгеге толықтырылды" - делінген хабарламада.