05 нау, 2025 сағат 21:09

Батпаққа батқан Боралдай: Тұрғындар әкімге жөнделмеген жол үшін шағымдануда


Скриншот:  Жанболат Мамай онлайн фейсбук парақшасынан

Алматы қаласы Боралдай ықшам ауданы тұрғындары көшелері батпаққа батып жатқанын айтып, Алатау ауданы әкімі Талғат Малыбаевқа шағымдануда. Бұл туралы Жанболат Мамай онлайн фейсбук парақшасы хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде айтылғандай Аршын көшесінің тұрғындары және Аламан, Османова, Ғалымбаева есімді тұрғындар жан айқайын жеткізді. 

"Міне осы жолдардан-ақ тұрғындардың қалай зардап шегіп жатқанын анық байқауға болады. Алатау ауданының әкімі тағайындалғанына міне 7-8 айдай болып қалды. Аудан әкімі Талғат Малыбаевқа сұрақ қойғымыз келеді. Сіз немен айналысып жатырсыз? Тұрғындардың қандай деңгейде өмір сүріп жатқанын, қандай жолдармен жүретінінен хабарыңыз бар ма? Жалпы Боралдай ықшам ауданына баратын ойыңыз бар ма? Тұрғындардың жанайқайына құлақ асатын ойыңыз болса айта отырыңыз. Тұрғындар да күтіп отыр сізді. Қашан келеді, мына әкім бізге қашан қарайды деп. Талғат Малыбаев мырза ояныңыз. Міне, оқушылардың сабақтан қандай күйде келетінін қараңыз! Сумкалары да, үстіңгі киімдері де, тіпті аяқ киімдерінің өздері де балшық болып келеді. Балшық болмау мүмкін емес, себебі мына жерде адам түгілі машинаның өзі жаяу жүруі қиын", -дейді фейсбук парақшасында. 


"Жүру мүмкін емес, жедел жәрдем де келе алмайды" деп шағымданғанғандар жол бұрын жақсы болғанын, оны өз күштерімен жасап алғандарын, алайда бәрін бұзып кеткендерін айтып отыр. Сондай-ақ тұрғындар жолдарымен үнемі жүк көлігі жүретінін, аяққа резеңке етіксіз жүру мүмкін емес екенін айтады.