Нобель сыйлығының үміткері, моңғол ақыны Гомбожавын Мэнд Ооёо Азия қаламгерлерінің І форумында құрлықтың мәдени-рухани әлемін кемелдендіруші поэзиялық жаңа толқынды бастауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Адамзат өркениетінің поэзия теңізінен терген жауһары секілді - «Антология» мәдениетіне Азияның да айрықша ұсынар жаңалықтары енуі керек-ті. Әуелі Азия құрлығы елдерінің ерекше ілтипатымен «Азия поэзия антологиясы» көп тілге тәржімаланып шығуына тілектеспін, әрі қолдаймын. Бұл прозаға да әдебиеттің өзге жанрларына да қатысты сөз. Біз қашанға дейін батыстың қабағына қарап, қолына телміреміз?
«Батыс деген – батыс, Шығыс деген – шығыс, бір – біріне еш қарамайтын тұс...» деп Р.Киплинг (Редьярд Киплинг) емеруін білдірген уақытта тағы да сол баяғы Н.Рерих «Батыс пен Шығыстың арасындағы қорған құлатылсын» деген-ді.
Р. Киплингтің лепесін «өзара айырмашылық ерекшелігіне қарай сақтап қалу» деп жайма-шуақтап, Н.Рерихтің ойын «бөлініп жарылмай, әлем әдебиетінің ұлы арнасындағы әсіре батысшыл үстемдікті өзгерту мағынасында» түсінулеріңізді сұраймын. Азия әдебиетін қолдауға қатысты тиімді тәсілдер табу, айталық бір белдеулік қор құру арқылы тәржіма және таңдаулы шығармаларды насихаттау – осы құрлықтағы Елдердің өкіметтерінің міндеті болмақ.
Қазақ Елінің халықаралық әдебиет қарым-қатынасын дамыту, қолдау жолындағы игілікті істеріне бек разымыз! Азияның мәдени, рухани, текті білікті таңғажайып әлемін кемелдендіруші поэзиялық жаңа толқынды бастауға шақырамын. Сөзімнің әуелі бастабындағы «Азияның жан тамыры тірі ме?» деген Н.Рерихтің сауалына;
- Иә, солай, Азияның жүрегі соғып тұр! Азияны жаңғыртып ашудағы рухани жаңа сапарымыз Азияның әдебиет әлеміне қарай шеру тартатын болады деймін!», - деді Нобель сыйлығының номинананты.