13 қаң, 2025 сағат 17:47

Әзірбайжан ұшағы апаты: ұшқыштар неге Ақтау қаласын таңдағаны белгілі болды


Фото:ҚР ТЖМ

Ақтауда апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағының ұшқыштары неге Ақтау қаласын таңдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz

Media.az-дың хабарлауынша нұсқаушы ұшқыш Вугар Мехдизаде әуе кемесінің межелі жерге емес, Ақтауға баруының себебін түсіндірді.

Оның айтуынша, бұл қала әуежайының айналасы таулы рельефті емес, толығымен жазық. Лайнердің басқарылмайтындығын ескере отырып, капитанның апаттық қону туралы шешімі дәл сол жерде дұрыс болды.

"Олар өте қиын жағдайда Қазақстанға ұшты", - деп атап өтті В.Мехдизаде ұшқыштардың батылдығы мен кәсібилігіне құрмет көрсете отырып.


Қайғылы оқиғадан үш күн бұрын сол ұшақты басқарған Турал Шахвердиев капитанның ең қолайлы қону үшін ауада бірнеше айналым жасауды жоспарлағанын айтты. Бірақ соңғы сәтте не болғанын ешкім білмейді.

2024 жылы 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан  Әзірбайжанның AZAL әуекомпаниясының Embraer e-190 ұшағы  Ақтау қаласында апатқа ұшырады.  Ұшақта 67 адам болған. Оның 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам, оның ішінде екі бала, жарақат алып ауруханаға жеткізілген.