06 қаң, 2025 сағат 11:15

Әзірбайжан билігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен қазақстандық құтқарушыларды марапаттады


Фото: ҚР ТЖМ

Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс министрі Кямаладдин Гейдаров қазақстандық құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды Ult.kz.

"2024 жылғы 25 Желтоқсанда "Әзірбайжан әуекомпанияларының" Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан әуе кемесінің Қазақстандағы  Ақтау халықаралық әуежайы маңында болған ұшақ апатына байланысты апаттық-құтқару операциясына қатысқан ҚР ТЖМ қызметкерлері тобы марапатталды" делінген хабарламада.


Министр қол қойған тиісті бұйрыққа сәйкес "ынтымақтастық үшін" төсбелгісімен келесі қазақстандық құтқарушылар марапатталды:

- Сейталин Азамат Серікұлы
- Тимур Владимирович Аминов
- Айдаров Қани Манапұлы
- Қараев Саясат Мұсаұлы
- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы
- Әзімбек Шындәулетұлы Құлханов
- Күзембаев Ербол Ахметұлы
- Меңдібаев Наурызбек Еранұлы
- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы
- Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы