27 қаң, 2022 сағат 21:37

Әзімова: Тергеуге алынған азаматтардың көбі қоғамдық қорғаушылардың көмегін пайдалана алмаған

Фото ©Владимир Прокопенко

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар трагедиясына қатысты кімдердің айыппұлын ескертуге ауыстыруға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырауда, Алматыда, Шымкентте біз қала және облыс прокуратураларының басшылығымен, азаматтармен кездесулер өткіздік. Арнайы прокурорлар әкімшілік істер бойынша сот шешімдеріне, әсіресе, айыппұлды ескертуге ауыстыру туралы наразылық білдіре бастады. Бұл іс жүргізу талаптарын бұза отырып алынған дәлелдемелерге де, қорғаушылардың қолжетімділігінің қамтамасыз етілмеуіне байланысты тағылған айыптардың негізділігі туралы шағымдарға да қатысты», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сонымен бірге, ол тергеуге алынған азаматтардың көбі қомғадық қорғаушылардың көмегіне жүгіну мүмкіндігінен қағылғанын атап өтті.

«Сондай-ақ, бұл жақындарының, өз балаларының, әсіресе, жастар арасынан қоғамдық қорғаушы мәртебесін рәсімдеу құқығына да қатысты. Көптеген адамдардың мұндай мәртебеге байланысты туындайтын құқықтар мен кепілдіктер туралы хабары жоқ», - деді Эльвира Әзімова.