11 жел, 2020 сағат 14:35

«Ауыл» партиясы сайлау науқанын Қазығұрт тауының етегінде бастады

Бүгін Түркістан облысы Қазығұрт тауының етегіндегі «Кеме қалған» алаңында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау науқанын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталмыш саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар: Т.С.Рахимбеков, К. К. Айтуғанов, Б. Төлеген, З. А. Әліпбеков, Д. Кәпұлы, К. А. Аралбекова, Н. Г. Арсютин, А. А. Сатыбалдин, Д. К. Қуатов және Б. Д. Қыстауов қатысты.

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қарлығаш Аралбекова, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ақын және жазушы Дәулеткерей Қапұлы құттықтау сөз сөйледі.

Ақсақалдардың атынан мемлекет және қоғам қайраткері, «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының басшысы Исмат Тұрсынқұлұлы тілек білдірді.

Қазақстандық эстрада өкілдері - Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамкүл Тантабаева, Бәкір Бектұров, «Мегаполис» триосы, Павел Ким ауыл жайлы, Отанға деген сүйіспеншілік туралы әндер шырқады.

Іс-шара шерумен аяқталды.