55 жастағы Малави Хибатулла Ахунзада онсыз да "Талибанның" (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) лидері болған. Бұл қызметке ол 2016 жылы мамырда, қозғалыстың сол кездегі басшысы Ахтар Мохаммад Мансұрдың қазасынан санаулы күн өткенде тағайындалған. Мансұр Пәкістанның оңтүстік-батысында АҚШ-тың әуе шабуылынан опат болған.
"[Ахунзада] – діни көзқарасы үшін үлкен құрметке бөленген діни қайраткер" дейді ауған журналисі Сами Юсуфзай. "Ол "Талибанның" жоғары дәрежелі судьясы және қозғалыстың негізін қалаушы молда Мохаммад Омардың сенімді өкілі болды".
Ахунзаданы шейх әл-ислам деп те атайды. Бұл – жоғары мәртебелі суннит титулы. Оны Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен ілімі жөнінде білімі терең адамға береді.
"Ол – ислам ғалымы және [дін жөніндегі] бірнеше кітаптың авторы" дейді Юсуфзай.
