Фото: egemen.kz
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Аққора ауылы маңында 6 желтоқсан түнде 36 жастағы ер адам кездейсоқ өзінің 39 жастағы жолдасын атып өлтірді. Бұл туралы өңірдің полиция депортаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.Оқиға Жасқайрат ауылынан 30 шақырым жерде, сағат шамамен 02:30 кезінде болды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер адамдар аңшылыққа шыққанға дейін алкогольдік ішімдік қолданған.
Ал трагедияға себеп болған — қаруды абайсыз қолдану.
Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, барлық жағдай анықталуда.
