Фото: Shutterstock
ҚМА астаналық департаменті "Семейный капитал" қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан.
"Оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген. Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған. Осылайша, ол жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген", - делінген хабарламада.
Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
"ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.
Егер сіз және сіздің туыстарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз: 1458, 8 (7172) 70 84 79 (ішкі 21384).
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - дейді ҚМА баспасөз қызметі өкілдері.