14 нау, 2025 сағат 18:06

Астанада "Қытай көктемде" атты жаһандық диалогы өтті


14 наурыз, жұма күні Астанадағы EXPO көрме орталығында "Қытай көктемде" атты жаһандық диалогы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Қытай Орталық телерадио хабарларын тарату корпорациясы (CCTV), Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі және басқа да мекемелердің ұйымдастыруымен өткен шарада түрлі сала өкілдері Бүкілқытайлық жиналыс пен қытайлық жаңғыртудың, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың екі сессиясы тақырыбында баяндамалар жасап, диалог жүргізді.

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлин Астанада арнайы өтіп жатқан "Қытай көктемде" атты жаһандық диалогына қатысып жатқанына өте қуанышты екенін айтып, "Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі атынан бүгінгі шараны сәтті өткізіп жатқанымызбен құттықтаймын!" -деді.


Сонымен бірге Хань Чуньлин :

"Көктем жаңа бастамалардың, жаңашылдықтың бастауын білдіреді. Бірнеше күн бұрын Бейжиңде халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы аяқталды. Екі сессия консенсусқа қол жеткізуге көмектесетін пікірталас үшін маңызды және Қытайдың әлеуметтік-саяси өмірінде елеулі орын алатын платформа. Бұл жыл Қытайдың экономикалық дамуының соңғы 14-ші бесжылдығы болып саналады. Сондай-ақ, 15-ші бесжылдықты жоспарлау басталды. 14-ші бесжылдықтың басынан ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің  және Қытайдың Коммунистік партиясы Орталық коммитетінің берік бастамасымен ҚХР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы сәтті іске асып жатыр. Қытай стилінде жоғары сапалы модернизация жүзеге асып, жаңа және мықты қадамдар жасалуда", -дей келе елші Қытай мен Қазақстанның қарым қатынасына ерекше тоқталды.


"Соңғы 33 жылда дипломатиялық қарым қатынас орнатқаннан бері біздің екі ел басшыларының стратегиялық басқаруымен Қытай - Қазақстан қатынасы қарқынды дамып келеді және тарихи шыңына жетіп, мәңгілік жанжақты стратегиялық серіктестік құрды. Бұл екі ел халқына көзге көрінерлік тиімділік пен нәтиже беріп отыр", -деді Хань Чуньлин.


Елші өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық қарым қатынас жанжақты дами түсетініне сенетінін жеткізді.

2025 жыл ресми түрде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланғанын атап өту керек. Осы ретте елші бұл екіжақты қарым-қатынастардың беріктігін нығайтып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндік беретінін жиын қатысушылары ерекше атап өтті.


Астана халықаралық университетінің (AIU) директоры Серік Исалиев өз сөзінде қытайлық әріптестерін саяси маңызды екі сессияның өтуімен, ал Қазақстан халқын "Көрісу" мерекесімен құттықтады. Сосын өз сөзін ол Қазақстан мен Қытай инновацияда, саясатта, туризм мен медиада, жоғары білім, сондай-ақ заң саласында серіктестікті нығайтуды жалғастырып жатқанымен жалғады.

"Біздің экономикалық байланысымыз қарқынды даму үстінде. Сауда айналымы рекордты 44 млрд. доларға жетіп қалды. Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол және әуе тасымалы былтыр рекордты 32 млн. долларға жетті. Ал білім беру саласындағы серіктестікке келетін болсақ, университет ретінде бізге білім берудегі екіжақты серіктестік ерекше маңызға ие. Қытай универститеттерінде бірнеше мың Қазақстан студенті оқып жатыр. Біз әлі пандемияға дейінгі 11-14 мыңдық деңгейге жете қойған жоқпыз, бірақ Қытайдағы біздің студенттердің саны артып келеді. Ал Қазақстан оқу орындары биыл мыңнан артық студентті қабылдады. Бұл алмасу тек академиялық байланысты ғана нығайтып қоймайды, сондай-ақ біздің елдердің мәдени байланысы жақындай түсуіне септігін тигізеді" , -дейді университет директоры.



Парламент Мәжілісі депутаты Еркін Әбілдің айтуынша Қазақстан мен Қытай Халық Республикасын ұзақ ғасырдан бері келе жатқан тарихи-мәдени, экономикалық байланыстар біріктіріп тұр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұл байланыс жаңа қарқын, жаңа бағыт ала бастаған. 

"Біздің елдер қазіргі заманда болып жатқан өзгерістерге бірдей көзқараста. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі тәртіптің негізгі қағидаларына күмән келтіретін турбулентті кезеңде Қазақстан мен Қытай өте қиын позицияда. Әлемнің даму стратегиясы, базалық принциптерге құрылған халықаралық құқық, бізде ортақ экономикалық қызығушылық бар, соның барлығы берік көршілер достығы мен өзара тиімді қарым қатынас құрады. Қазақстан мен Қытай қарым қатынасы қарқынды дамып келеді. Біздің Парламентаралық қатынас та жақсы дамып келеді, Қытай мен Қазақстанда депутаттық топ бар. Парламент спикері Ерлан Қошанов былтыр ҚХР-да іссапарда болды. Менің ойымша Қазақстан мен Қытай қатынасындағы қазіргі динамика болашақта тек қана нығайып, дами түседі", -деді депутат.


Фотолар: Ұйымдастырушыларда