16 қыр, 2017 сағат 09:25

Әскери ұстаз ұлағаты

«Талаптың мініп тұлпарын», өз өмірі мен білімін мемлекет пен халық қауіпсіздігін қорғауға арнаған, қазақтың қабырғалы азаматтарының өмір тарихы тұнып тұрған өнеге көзі емес пе?! Жалындаған жастық шақтың жігерін, орта жастың кемел ақыл қуатын, білімі мен тәжірибесін Отан үшін сарқа жұмсаған, айбынды ағаларды ардақтап, қайратты інілердің тынысы мен ырысына айналған өнегелі, ісімен кейінгілерге үлгі болған азаматтарымыздың бірі – Сәбит Сәуменұлы Тауланов. 

Қасиетті Жайық өңі­рін­де Жәнібек деген аудан бар. Осы өлкеде ел қа­­тарлы қоңырқай тір­лік кеш­кен Сәумен мен Са­қып­жа­малдың ша­ң­ырағында 12 бала дүниеге келген-ді. Бала-шағаның қамы үшін күн-түн демей еңбек еткен ата-ана­ның үміті ақталып, 9 бала аман-есен ер жетіп, үш перзенті ертерек фә­ни­ден озыпты. Бар арманын балаларына аманаттап, Сақыпжамал ана да 52 жаста денсаулығы сыр беріп, о дү­ниеге ат­тан­ған екен. Анадан айыры­лу қайғысы өте ауыр бол­ғанымен, өмір-өзен тоқта­майтыны мәлім. Үл­кен әу­лет­тің тұңғышы Сә­бит 11 жасынан бас­­тап Меңдіғали атасына қол­ғанат болып, атасы­нан ең­бек­қорлықты, ұлттық тә­лім-тәр­биені, үлкенге құр­мет пен кі­шіге қамқор бо­луды бойына сіңіріп, қи­ын­­дыққа төзімді, болаттай қайсар бол­ып өседі. Әкесі Сәумен – Ұлы Отан соғысы бас­тал­ған­нан соңғы күніне дейін май­­­дан шебінде бол­ған «сол­даттың етігін­­дей жаны сірі» майдан­гер­лердің бірі. Жа­лауы желбіреген же­ңіспен бірге абыроймен елге орал­ған әкесі Жәнібек елді ме­кеніндегі балалар үйінің алғашқы директоры бо­лады. Кейінірек кол­хоз бастығының қыз­ме­тін атқарады. Барлық ғұ­мырын халыққа адал қыз­мет етуге арнаған әке өне­гесі Сәбиттің мәңгі есін­де қалды. Дана халқы­мыздың «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегені рас. «Көп балалы отбасының бас­қ­алардан бір артықшы­лы­ғы сол, мұнда бір-бірімен сыйластық пен ын­тымақ күшті. Іні-қа­рын­дас­тарымның бәріне ри­з­а­мын. Мені сыйлап, құр­мет­теуден жа­лыққан емес. Үлкенді сыйлау, ата-ана­ға ілтипат, бұрын­нан ұл­тымыздың қанына сің­ген қа­сиет емес пе еді?» – дейді Сәбит Сәу­менұлы. Өзі де қолынан кел­ге­нін­ше ініге сүйеніш, қа­рын­дасқа қорған бола білді. Өмір мен әске­ри қызметте талай қиын­дық­тар кездессе де мойыма­ды, себебі ол бала кезі­нен бастап ата-анасынан жырақта өмір сүруге дағ­дыланған болатын.

Сәбит Сәуменұлы 1962 жылы Жәнібек ауда­нын­дағы сегізжылдық мек­теп­ті тәмамдап, Орал ауыл ша­руашылығы техникумында білім алады. 1966 жы­лы күзде әскер қа­та­ры­на алынған ол бұ­дан кейінгі бүкіл өмірін Қа­рулы Күштермен бай­ла­ныстыруға нық бел буа­ды. 1969 жылы Ташкент қа­ласындағы жоғарғы жал­пыәскери командалық училищені бітірген соң, әскери қызметтің қызығы мен қиындығы мол жылдары басталады. Білімін жетілдіру мақсатымен Термез мемлекеттік педа­го­гикалық уни­­­­верситетін «Орыс тілі мен әдебиеті» ма­мандығы бойынша аяқтайды. Әскери қыз­мет­керге ортамен қарым-қатынас жасаудың білгірі болу үшін тіл шеберлігі қажет екендігіне бұл бір тамаша мысал бола ала­ды.

Сондай-ақ, ол кейі­ні­рек Мәскеудегі әскери-сая­­си академияны тә­мам­дады. Әскери қызметтегі өсу жолында кейіп­керіміз отыз жылға жуық Ке­ңес Ода­ғы Қарулы күш­терінде әртүрлі әс­ке­ри-саяси қыз­мет атқарып, қай әс­ке­ри қызметтің ба­сы-қасында жүрсе де өзінің ерекше адами қасиеттерімен, әс­кери істің білгірі ретінде көзге түсті. Ар­мия өмірінің бар қиындығында болаттай шыңдалған С.Тауланов 1979 жылдың мамыр айынан бастап 1981 жылдың мамыр айына дейін Ауғанстан же­рінде интернационалдық борышын ат­қаруға қатыс­ты. Отан алдындағы бо­ры­шын адал атқарғаны үшін ол Кеңес­тер Одағы Қа­ру­лы Күштерінің жо­ғары наградаларының бірі – III дәрежелі «Отанға қыз­ме­ті үшін» орденімен ма­ра­пат­талып, оған мерзімінен бұрын подполковник шені берілді. Ауғанстан аума­ғын­да­ғы қызмет ету мерзімі аяқ­­талған соң, Сәбит Сәу­мен­ұлы 34 жасында Ле­нинград әскери округінің мотоатқыштар дивизиясы саяси бөлі­мі­нің бастығы болды. Алты жыл абы­рой­­мен осында басшылық қызметте болып, тәрбие ісіндегі тәжірибесін ке­ңей­­теді, жас сарбаздар­ды отансүйгіштік пен ер­лік­­ке тәрбиелеудің қыр-сы­­рына қанығады. Білікті офи­цердің тәрбие ісіндегі же­тіс­тіктеріне орай оны Ал­­­ма­ты жоғарғы жал­пы­­әс­кери ко­ман­далық учи­ли­­­ще­сінің сая­си бөлімінің бастығы етіп тағайын­дайды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң Сәбит Сәу­мен­­­ұлын Кеңес Одағы­ның Баты­ры, гене­рал-лей­­­те­нант Саға­дат Ко­­жах­­­мет­ұлы Нұрмағам­бе­тов жа­ңа­­­дан құрылған мем­­ле­кеттік Қорғ­аныс ко­­ми­тетіне бас маман ретінде – Қазақстан Рес­пуб­­ликасы өңірлік әс­­ке­­ри ве­домствосы кадр­лар бас­­қар­м­а­сы­ның бас­ты­­ғы қызметіне шақы­ра­ды. Бұл қиын да жауап­кер­­шілігі мол істі ол абы­роймен атқарып шық­ты. 1992 жылдан 1999 жыл­дың желтоқсан айына дейін, яғни тәу­елсіз ел армиясының құ­рыл­ған кү­нінен бастап Қазақ­стан Республикасы Қор­ға­ныс министрлігінің кадр жөніндегі департа­мен­тінің бастығы болды. Осы уақытқа дейін Қазақ­с­тан Қарулы Күштері­нің гене­ралдары, әскери қыз­­меткерлері Сәбит Тау­лановты жаны жайсаң тұл­ға ретінде, өздерінің әс­ке­ри қызмет белесте­ріне өрлеуіне жол салған, адам тағдырының білгірі ре­тін­де мақтан тұтады, өз­ге­лерге үлгі-өнеге етеді. Сәбит Сәуменұлының мемлеке­ті­міз­дің әскери мамандарын тәр­­бие­леуге сі­ңірген еңбегін Қазақстан Рес­­пуб­ли­касының Пре­зи­денті Н.Ә.На­зар­баев жо­­ғары бағалап, 1994 жы­лы өз қолымен Қа­зақ­стан Қа­ру­лы Күш­терінің ал­ғаш­қы генералдық по­го­­нын тақты. Бұл оны қа­нат­тандыра түс­ті. Ол енді өзінің ұстаздық қызметін ағарту қызметі саласында жаңа арнаға бұ­рады. Өмір­дің өзі – қозғалыс бол­са, өмір­­лік мол тәжі­ри­бесін ғы­лыммен ұш­тас­тырады. Ғылыми із­де­­ністің алғашқы жемісі ретінде тарих ғы­лым­­­да­рының кандидаты дә­ре­жесін қорғайды. Ғы­лым мен тәжірибені ұштас­тыру ойымен осы уақыт­та ол толығымен ғылы­ми ізденіс жолына бет бұрады. Респуб­ли­ка­лық білім беруді ақпарат­тан­дыру орталығы дирек­торы­ның орынбасары, Алма­ты қаласындағы Қа­зақ ұлттық аграрлық уни­вер­ситетінде тәрбие жұ­мы­сы жөніндегі про­рек­тор қызметін атқа­рады. Әскери өмір сабақ­тарын жас ұрпаққа тәжі­рибе ретінде жинақтап беру мақ­са­тымен ол педагогика ғылымының қыр-сырына үңіледі, бүгін­де Сәбит Сәуменұлы Қазақ­стан әс­кери қызметкер­лерінің ішін­дегі жалғыз әскери педа­гогика ғы­лымдарының докторы. Ер адамның қуатын асыратын да, бақытын жан­дыратын да – ақыл­ды да, сүйікті әйелі.

Сәбит Сәу­менұлының сүйік­ті жары Талиға Төреға­ли­қызы – жан жарының әс­кери қызметтегі, өмір­дегі қиындығы мен қы­зы­ғы мол тағдырының бір бөлшегі бола білген аяу­лы жан, ар­дақты ана, сүй­ік­ті немерелерінің асыл әжесі. Жүрегінің жыры, кө­­зі­­нің нұрын­дай қос қызы – Жанна мен Саида жо­ғары білім­ді мамандар, ата-аналарын Данияр мен Ислам, Томирис пен Ай­лин атты балдай тәтті не­ме­релерінің қуа­ны­шына бөлеуде. Сәбит Сәуменұлы қа­зіргі кезде әскери бейім­дегі «Арыстан» ма­ман­дан­­дырылған лицейінің бас­тығы қызметінде жас ұр­пақтың тәрбиесіне зор үлес қосуда. «Арыс­тан» ма­­­ман­­данды­рылған лицейі – Қа­зақ­стан Респуб­ликасы­ның Мемлекеттік бағдарла­ма­сындағы білімді дамы­тудың мақсатты бағы­ты­ның орындалуы аясын­да, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру Қоры» Қоғам­дық қоры­ның қайырымдылық жо­ба­сын іске асыру мақса­тында ашылған ор­та білім беретін республи­ка­мыздағы ең беделді ли­цейлердің бі­рі. «Арыс­тан» лицейі әлеу­меттік жоба ретінде құ­рыл­ған­дықтан, мұнда білім алып тәр­бие­ленетін ба­ла­лар тегін білім алады әрі тіршілік қажеттілік­тері­мен тегін қам­тыл­ған: та­мақ тегін беріледі, ал­ты түрлі оқу формасы тегін, ма­те­ри­а­лдық әрі ғы­лыми базасы жақ­сы жабдықталған. Ин­тер­нат типті заманауи оқу орны Қазақстан Рес­пуб­­ликасының әр облысынан келген 9-11 сынып оқушыларының алтын ұясына, қасиетті достық ордасына айналған. «Елімізге бойына ата-ба­бамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті да­рыған, егеменді елімізге аянбай қыз­мет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жү­рек­ті, сауатты да салау­атты азаматтар қажет» – деген Елбасы сөзін жүзеге асыратын түрлі ба­ғыттағы оқу орындары елімізде аз емес. Әс­кери бейімдегі, жа­ра­­ты­лыстану бағытында білім беретін «Арыстан» лицейінің қазіргі жас­өспі­рім­дердің асыл арманына айналуына әсер еткен іс запастағы генерал-майор, педагогика ғылымдарының док­торы Сәбит Сәумен­ұлының лицейдегі шебер басшылығы еді. Әр­бір арыстандық шәкірт­тің ата-анасының, қам­қор­шы­сының аузынан Сәбит Сәуменұлының атына тек алғыс айтылады. Бұл тәжі­рибелі әскери ұстаздың басшылық ең­бегіне берілген нақты халықтық бағалау, халық сүйіспеншілігі десек те болады.

«Тәртіпке бағынған құл болмайды», деген қа­зақ­­тың даңқты баты­ры Бауыржан Момышұлы­ның қанатты сөзі арыс­тан­дық тәрбиеленушілердің ар-на­мыс кодексінің қағи­дат­та­рының бірі болып табылады. Республи­ка­мыздың түк­пір-түк­пірінен келген, түр­­лі орта­да тәрбиеленген жасөс­пі­­рім­дерді бір идеяға, тәр­тіпке, бір мүд­деге ба­ғындырып, олардың жар­қын бо­ла­шағына жол аша­тын сапалы білім мен тәр­­бие беріп, сан қыр­лы педагогтар мен әске­ри қызметкерлерді жұды­рық­тай жұмылдырып отырған Сәбит Сә­уменұлына ұжы­мының айтар алғысы мол.

Владимир РАЙХЕЛЬ, запастағы полковник