11 қаз, 2016 сағат 09:31

Ардақ Нұрғазы. Нобель сыйлығын биыл ақын алады

2016 жылғы Нобель сыйлығын АҚШ ақыны John Ashbery, Сирия ақыны Adonis немесе Көрей ақыны Ko Un – осы ақындардың біреуіне беруі мүмкін. 

John Ashbery-ге Нобель сыйлығын ширк ғасыр бұрын берсе де, болар еді. Оның «His Self-Portrait in a Convex Mirror» шығармасы өткен ғасырдың 70 жылдарында жарық көрген. Аталған поэма ағылшын тілде поэзияны постмодернистік дәуірдің таным биігіне көтеріп қана қоймай дәстүрді жаңартқан шығарма ретінде қаралады. Поэзия әлеміндегі кейінгіге тигізген ықпалы тұрғысынан «The Waste Land» жетпесе де, жете қабыл шығарма. Одан дамаңыздысы John Ashbery Батыс дүниесінде белгілі жақтан айтқанда бүгінгі көзі тірі жалғыз клласик ақын деуге болады (күні кеше ғана өмірден озған француз ақыны Yves Bonnefoy оған серік болатын.) Оған енді Нобель сыйлығын бермесе, кеш болады. Нолебь сыйлығы Батыс поэзиясындағы бір дәуірді өз тарихынан жоғалтып алуы мүмкін. 


Adonis өлеңдерінде француз бен араб поэзиясының стилы басым деп қарайды. Оған софлық поэзияның элементтерін қосыңыз. «Мың бір түннің» өзі үлкен қиял мен тұнып тұрған поэзия екенін ескерсек, араб тілді поэзияның Нобель сыйлығын еншілеуіне толық мүмкіндік бар. Оның үстіне араб әдебиетінде палестиналық ақын Mahmoud Darwish өмірден өткен соң, Adonis-тың алдын орайтындай үміткер әлі шыға қойған жоқ. 


Көрей ақыны Ko Un өте көп жазған қаламгер. Оған Нобель Шығыс мәдениеті мен будда ілімінің исі бар, қытай поэзиясының дәстүрінен сәл басқашарақ, соған қарамастан Батыстық өркениеттің болмысын бойына сәтті сіңіре алған бір ұлттың бүгіні мен ертеңіне құрмет көрстеу негізінде берілуі мүмкін. 

Жиып келгенде биыл ақындар Нобель сыйлғын алады деген ойдамын. Алмай жатса, оған бола ренжіп те кетпейміз. Себебі сыйлық осы ақындардың өзінен қадірлі емес. Осылар аман болсын.

Ардақ Нұрғазының фейсбуктегі жазбасынан