02 мам, 2020 сағат 15:56

Алматыға алып ұшақ қонды

Алматының халықаралық әуежайына ерекше алып Ан-22 «Антей» ұшағы қонды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, борт жанармай құю үшін қонаған. Қазір ол қайтадан ұшып кетті. Қай бағытта екендігі хабарланбайды. 

Ан-22 «Антей» - бұл СССР-дың ауыр турбовинтті көліктік ұшағы. Одақтың бірінші кеңфюзеляжды борты. Жалпы, осындай 69 ұшақ шығарылған. Бүгінгі таңда оны Ресей әскери-әуе күштері мен Украинаның «Antonov Airlines» әуе компаниясы қолданады. 

Алғаш рет әуеге 1965 жылдың 27 ақпанында көтерілді. Алып Ан-22 әскери көлік ұшағына грек мифологиясындағы Антеяның аты берілген. 

Бұған дейін, Алматы әуежайына бірнеше рет әлемдегі ең үлкен Ан-225 «Мрия» ұшағы қонған болатын.