Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Алматының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қаладағы жағдайдың тұрақталғанын хабарлады.
"Штаб басшысының шешімімен қала аумағында 2022 жылдың 7 ақпанында сағат 00.00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады", - делінген ақпаратта.
Арнайы және құқық қорғау органдары қызметтің күшейтілген режимінде жұмыс істеуді жалғастырмақ.
"Барлық қала тұрғынына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік көрсете білгені үшін алғыс айтамыз", - деп мәлімдеді терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы.
Айта кетері, Нұр-Сұлтанда 27 қаңтардан бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылды.