23 қаң, 2024 сағат 13:20

Алматыда полиция қызметкері әжей мен оның төрт немересіне көмектесті

Фото: Polisia.kz

Алматыда полиция қызметкері әжей мен оның төрт немересіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жер сілкінісінен кейін Шұғыла ықшамауданының тұрғыны төрт кішкентай немересін тез арада киіндіріп, көшеге жүгіріп шыққан. Белгілі болғандай, әйел үйінен алыстап кеткен. Оған кішкентай балаларымен үйіне қайта оралу қиын болған.

"Біз сеніп тапсырылған аумақта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз еттік. Азаматтар үйлеріне қайта бастағанда балалы әйелді байқаған. Ол нұсқау берді, біз оған балаларымен бірге үйіне аман-есен жетуіне көмектестік. Үш баланы арбаға отырғызған, үлкені өз бетімен жүрді. Халық тығыз орналасқан шағын аудандардың бірінде тәртіп өз деңгейінде қамтамасыз етілді", – дейді Наурызбай аудандық ПБ-ның жауапты учаскелік инспекторы Ерген Сембібай.

Осы уақытта Алматының Алатау ауданында полиция қызметкерлері шетел азаматының отбасына қабылдау пунктінде (182 орта мектеп) орналасуға көмектескен. Қарбаласта олар үйден жалаңаяқ жүгіріп шыққан. Шетелдіктерге қажетті көмек көрсетілді.