31 қаң, 2022 сағат 19:58

Алматыда өзіне қол салған жас жігіттің денесі табылды


Алматыда өзіне қол жұмсап мерт болған жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бүгін кешкі 18.00-дер шамасында асылып өлген жас адамның денесі Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылған.

«2004 жылы туған азамат С. есімді азаматтың мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның себебі мен мән-жайы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша басталған тергеу барысында анықталады», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.