19 мам, 2026 сағат 10:51

Алматыда Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағы таныстырылды

Фото: ҚР МАМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, композитор әрі драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Жиынға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Кеш барысында қатысушылар қаламгердің өмір жолы мен қазақ әдебиеті, музыкасы және театр өнерінің дамуына қосқан үлесін кеңінен сөз етті. Сонымен қатар іс-шара аясында ақынның шығармаларын қамтыған «Есіңе ал» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті.

Кеш соңында көпшілікке Ұлттық кітапхана қорынан жасақталған Бәкір Тәжібаевтың шығармашылық мұрасына арналған көрме ұсынылды.