Фото: ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz
Алматыда 17 жастағы Айша Құрманбек төрт күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.
Бойжеткен 10 қаңтарда сағат 14:30 шамасында Талдықорған қаласынан шығып кеткен. Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыз оңтүстік астанада.
Белгілері: бойы 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр.
Үстінде қоңыр пальто, ақ орамал, қызыл жемпір болған. Сондай-ақ қолында ұялы телефоны болған.
"Қыздың шамамен қай жерде екені белгілі - Райымбек көшесіндегі бизнес-парк ауданы, 212. "Осы ауданда тұратын немесе жұмыс істейтіндердің барлығына өтініш білдіреміз. Суреттегі қызды мұқият қарап, жоғалғанды табуға көмектессеңіз" , - деп жазған еріктілер.