19 нау, 2020 сағат 08:41

Алматы облысының тұрғындары карантиннің бірінші күні қалаға кірмек болды

Алматы облысының тұрғындары карантиннің алғашқы күні Алтын Орда маңында жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Желіде қаладан шығаберістегі блок-пост маңында облыс тұрғындарының жиналғаны түсірілген видео жарияланды. Видео кадрларынан бірнеше көлік пен ұзын-сонар кезекті көруге болады.

Қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Полицейлердің мәліметінше, видео Алматының шетінде түсірілген.

"Халыққа карантин жарияланып, қалаға кіру туралы хабарланып, ескертілгенімен олар жалпы нормаға бағынғысы келмей жатыр. Қазір мен осындамын, жағдай тұрақты", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.