Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін мектеп қабырғаларындағы бұрынғы жарықшақтар үлкейіп кеткен. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әңгіме Алматыдан 100 шақты шақырым жерде орналасқан Қайыпов ауылындағы білім беру мекемесі туралы болып отыр. Қазақстан орта мектебінің салынғанына 10 жыл да болмаған. Құрылысы 2014 жылы басталып, 2015 жылы пайдалануға берілген.
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарықтар жер сілкінісіне дейін де болғанын жеткізді.
«Алайда жер сілкінісінен кейін жарықшақ 10 сантиметрге дейін кеңейіп кеткен.
Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. Төтенше жағдайлар басқармасы апатты жағдай деп танымады», — деп атап өтті аудандық білім бөлімінен.