Фото: Polisia.kz
Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Медиа-портал мәліметінше, Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін қабылдап жатыр.
Алматы облысындағы ІІО қызметкерлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жойды, оның екеуі фитолаборатория болып шықты.
"Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 кг-дан астам есірткі тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды, оның екеуі - таяу шетел азаматтары. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", – дейді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылып, 400-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталған. Оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталған, оның 10-ы шетелдіктер.